Стамбұлда мыңдаған адам митингіге шықты

666
Adyrna.kz Telegram

Жұма күні кешке Стамбұлда соңғы он жылдағы ең ірі наразылық акциясы өтті, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Мыңдаған адам қала мэрі Экрем Имамоғлуның қамауға алынуына қарсылық білдіріп, көшеге шықты. Оған «жемқорлық» және «террористік ұйымдарға көмектесті» деген айып тағылған. Осы іс аясында 100-ден астам адам, соның ішінде саясаткерлер, журналистер және кәсіпкерлер де қамауға алынды.

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған наразылық толқынын қатаң сынға алды. Ол жұма күні жасаған мәлімдемесінде үкімет «вандализм мен көше террорына» жол бермейтінін және қоғамдық тәртіптің бұзылуына қарсы тұратынын айтты.

Қарсылық шерулері елде үшінші күн қатарынан жалғасуда. Стамбұлдағы наразылық акциясында сөз сөйлеген Республикалық халық партиясының (РНП) жетекшісі Өзгүр Өзел:

«Бұл РНП-ның митингі емес, мұнда түрлі партия өкілдері жиналып, Имамоғлуға қолдау білдіруде. Ердоған сот жүйесін саяси қару ретінде пайдаланып, Имамоғлуға қысым көрсеткісі келеді, бірақ біз бұған жол бермейміз», – деді.

Дегенмен, полиция шерушілерді тарату үшін көзден жас ағызатын газ бен пластикалық оқтар қолданды. Ұқсас қақтығыстар Анкара мен Измирде де орын алды. Ішкі істер министрі Али Ерлыкая Х әлеуметтік желісінде 97 шерушінің қамауға алынғанын және интернетте зорлық-зомбылыққа шақырды деген күдікпен 54 адамның ұсталғанын хабарлады. Қақтығыстар кезінде 16 полицей жарақат алған.

Экрем Имамоғлу өткен жылы өткен жергілікті сайлауда жеңіске жетіп, екінші мерзімге қайта сайланған болатын. Бұл – Ердоған билікке келгеннен бері билеуші партияның ел бойынша алғаш рет жеңіліс табуы еді. Сарапшылар Имамоғлуны 2028 жылғы президент сайлауында Ердоғанның негізгі қарсыласы болуы мүмкін деп есептеген.

РНП жексенбі күні партия атынан президенттікке үміткерді жариялайтынын мәлімдеді. Бүгінде бұл лауазымға басты үміткер – қамауда отырған Экрем Имамоғлу. Оған қолдау білдіру үшін партия ел көлемінде символикалық сайлау өткізуді және дауыс беру жәшіктерін орналастыруды жоспарлап отыр.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы в постели с мужем проблем не стало, использую старый...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Ложку перед сном и все! За неделю уйдет 13 кг возрастного жира...
Пікірлер