Сәтбаевтағы “қара қар” Қазақмыс қазандығынан шыққан газға байланысты

1991
Adyrna.kz Telegram

Сәтбаевқа “қара қар” түскен. Мамандар бұл жағдайды “Kazakhmys Distribution” ЖШС қазандығынан шыққан газға байланысты екенін айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы ҚазТагқа сілтеме тастап.

Департаменттің берген жауабы бойынша, Сәтбаевқа жанбаған көмірдің шаңы түскен.

“2024 жылдың 31 қаңтарында күндіз Сәтбаев қаласының тұрғындарының барлығы дерлік “қара қардың» түскеніне куә болды. Қара қардың түсуіне «Kazakhmys Distribution ЖШС-нің қазандықтағы пайдаланылған газдардан ауаның ластануы себеп болғаны анықталды”, - деп жауап берді Ұлытау облысы бойынша экология департаменті.

Экологтардың айтуынша, "Қазақмыс Distribution" қазандығының барлық жабдықтары моральдық тұрғыдан ескірген және тазарту құрылыстарының дұрыс жұмыс істемеуі байқалған, жабдықты герметизациялау бойынша бірқатар бұзушылықтар анықталған. Сонымен қатар, қазандық күлі жоғары көмірді тұтынуға арналған және оны күлі аз көмірге ауыстыру техникалық жағдайда мүмкін емес екені айтылды.

Компания бірнеше рет әкімшілік жазаға тартылды және оған нұсқамалар берілді.

Ал ақпан айында мамандар қазандықты тексеруге уәде береді.

“Адырна” ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Вашингтон опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Ложку перед сном и все! За неделю уйдет 13 кг возрастного жира...
Пікірлер