Бүгін түрік астронавты Альпер Гезеравжы бар Ax-3 миссиясы ХҒС-тан оралады

888
Adyrna.kz Telegram
Axiom Space тікелей эфирінен скриншот
Axiom Space тікелей эфирінен скриншот

Бүгін, 3 ақпан экипажында түрік астронавты Альпер Гезеравжы бар Axiom-3 (Ax-3) басқарылатын ғарыш миссиясы Халықаралық ғарыш станциясынан (ХҒС) оралады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы “Анадолу” сайтына сілтеме жасай отырып.

Түркияның өнеркәсіп және технологиялар министрлігінің ресми мәліметінше, 2 ақпан, сағат 17.50-де Ax-3 экипажы үшін халықаралық ғарыш станциясында қоштасу рәсімі ұйымдастырылды. Рәсім AXIOM Ѕрасе компаниясының әлеуметтік желілердегі парақшаларында тікелей эфирде көрсетілді.

Гезеравжы мен экипаждың қалған мүшелері сенбі күні сағат 14:00-де ХҒС-тан кетеді деп жоспарлануда. Жерге жету үшін 12 сағат қажет.

Жоспарланған қону Флоридадан шығысқа қарай Атлант мұхитында және штаттың батысындағы Мексика шығанағында орналасқан жеті ықтимал қону алаңдарының бірінде болады деп күтілуде.

Айта кетейік, 18 қаңтарда АҚШ-тың жергілікті уақыты бойынша 16:49-да (Түркия уақытымен 19 қаңтарда 00:49) NASA-ның Флоридадағы Кеннеди ғарыш айлағынан SpaceX компаниясының Dragon ғарыш кемесі сәтті ұшырылғанын хабарлаған едік.

Шамамен 36 сағатқа созылған ғарыштық саяхаттан кейін Ax-3 экипажы бар кеме, оның ішінде алғашқы түрік астронавты Гезеравжы ХҒС-қа 13:42-де қонды.

Ax-3 экипажының құрамына Майкл Лопес-Алегрия (АҚШ), Вальтер Вилладей (Италия), Маркус Вандт (Швеция) және Альпер Гезеравжы кіреді.

Гезеравжы мен экипаж мүшелері ХҒС-та 14 күн бойы зерттеу жүргізді. Миссия аясында Гезеравжы түрік ғалымдары мен ғылыми-зерттеу институттары дайындаған 13 ғылыми зерттеулер жүргізеді.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер