Сырлы Ыстамбұл, арман Анкара

921
Adyrna.kz Telegram

Ақпан айының 24-28 жұлдызы аралығында Түркия Республикасының Мәдениет және туризм министрлігінің қолдауымен, «ТҮРКСОЙ» Халықаралық ұйымының ұйымдастыруымен Ыстамбұл, Анкара қалаларында біліктілікті арттыру курсы өтті. Курсқа Алматы қаласы музейлер бірлестігінің 6 қызметкері қатысты. Қатысушылар арасында «С.Мұқанов пен Ғ.Мүсірепов атындағы әдеби-мемориалдық музей кешенінің» экскурсия жетекшісі, мен де бармын. Іс-сапар жоғарғы сапада, инсайтқа толы, шабыт аларлық деңгейде өтті. 

Тағылымдама бағдарламасы бойынша бастапқы үш күн 24-26 ақпан Ыстамбұл қалаларында болып, қала мәдениетімен танысып, атақты музейлерге сапар жасап, зертханалар мен тарихи орындарда болдық. Атап айтсақ, «Реставрация және консервация орталық және аймақтық зертхана дирекциясында» реставрация, консервациялық жұмыстар бойынша лекция барысында әртүрлі сападағы материалдарды (былғары, сүйек, ағаш, мата, керамика) өңдеу, қалыпқа келтіру жұмыстарын түсіндірді. Лабораторияның ішкі жұмысымен, жұмыс процесін өз көзімізбен тамашаладық. Физико-механикалық лаборатория, инфиксация, икондарға анализ жасау жұмыстарын арнайы аппараттарда көріп, бақылау мүмкіндігіне ие болдық. 

Екінші күні «Ыстамбұл археологиялық музейінде» музейдің ашылу тарихымен, музей экспозициясымен таныстық. Лекцияда экспонаттарға акцент беру, оларды келушілер назарына ұсыну: дизайн, графика, акустикаға аса мән беру, digital құрылғыларын орынды пайдалану жұмыстары туралы ақпараттар берілді. «Ыстамбұл археологиялық музейі» әлемнің үздік 5 музейінің қатарына енген тарихи мәдени орын. Тағылымдама ары қарай «Түрік және ислам өнері музейі», «Долмабахче», «Топкапы» сарайларында, «Айя Софья» мешітінде жалғасын тапты. Маған ерекше әсер қалдырып, шабыттандырғаны «Долмабахче» сарайы мен «Айя Софья» мешітінің сәулет өнері, тарихы. Аталған музейлерге деген келушілер сұранысы, әсіресе шетелдіктердің таңданысы шабыттандырады.

28-ақпан күні Анкара қаласындағы біз сапар жасаған тарихи орындар: Түркия Республикасының негізін қалаушы Мұстафа Кемалдың құрметіне орай ашылған «Мұстафа Кемал Ата Түрік мавзолейі», 2016 жылы 15 шілдеде әскери төңкеріс оқиғасына арналған «15 шілде Демократиялық музейі» келушілерді толғандырмай қоймасы анық.  Маған ерекше әсер қалдырғаны «15 шілде Демократиялық музейі». Музей заманауи құрылғылармен жабдықталған, 3D, 4D форматта лазерлі, проекциялы экрандар көмегімен көтеріліс барысын, халықтың зардап шегуін, сол терактта мерт болған шахидтер туралы құнды дерек көздерін келушілерге паш етеді. Сонымен қатар, Түркия Республикасының мәдениеті мен тарихы турасында «Түркия ІІ Ұлы Ұлттық Мәжілісі. Республикалық музейі», «Этнография музейі», «Мемлекеттік көркем сурет және мүсін музейі», «Шахматтар музейлерінде» болып керемет әсер алдық.

Тағылымдаманың қорытынды бөлімінде Алматы қаласы музейлер бірлестігінің қызметкерлеріне сертификаттар берілді. «ТҮРКСОЙ» Халықаралық ұйымының бас хатшысы Сұлтан Раев, Мәдени мұра және музейлер бас басқармасы қазба зерттеу бөлімінің бастығы Умут Гюргюлу Түркия Мәдениет министрлігінің атынан сертификаттар табыстады. Сұлтан Раев өз сөзінде Алматы қаласы музейлер бірлестігімен ынтымақтастық қарым-қатынастың алдағы уақытта да жалғасын табатындығын тілге тиек етіп, қызметкерлерге шығармашылық табыс пен сәттілік тіледі. Түркі халқының ортақ мәдени мұрасын сақтау, осы саладағы ынтымақтастықты арттыру мақсатында бұл бағдарлама маңызды қадам болып табылатындығы анық.

Әлем бойынша туризм саласында айтулы үштік қатарына енетін сырлы Ыстамбұл көріктілігімен, жанға жайлы табиғатымен, жылы шырайлы түрік халықтарымен есте қалады. Тарихы бекем, музей саласы бойынша жетістіктерге ие, ел мәдениеті мен тарихы өзге ұлт өкілдеріне үлгі болар арман қала Анкара бізді құшақ жая қарсы алып, қимастықпен шығарып салды... Осындай керемет мүмкіндік үшін Түркия Республикасының Мәдениет және туризм министрлігіне, «ТҮРКСОЙ» Халықаралық ұйымына, бізді келген күннен ыстық ықыласпен қарсы алып, қонақжайлылық танытқан Түркі қауымдары және диаспоралар мен сыртқы байланыстар бөлімінің басқарушысы, «ТҮРКСОЙ» музейлер қауымдастығының бас үйлестірушісі Барыш-Джавид Мовсюмлюге, Алматы қаласы музейлер бірлестігінің директоры Сағындықова Ляззат Құдайбергенқызына үлкен алғыс білдіреміз.

Түркі халықтары мәдениетін қалыптастыруда, тарих діңінің бекем болуына жұмыла ат салысып, музей саласында қалтқысыз, абыроймен қызмет атқарайық.

 

Мөлдір САҒЫМБАЕВА,

Алматы қаласы музейлер бірлестігіне қарасты 

С.Мұқанов пен Ғ.Мүсіреповтің  

әдеби-мемориалдық музей кешенінің 

экскурсия жетекшісі 

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Это спасет потенцию даже в 70 лет! Продается в каждой аптеке...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Пікірлер