Home » Басты тақырып » Тоқаев Тасмағамбетовты алдыра ма?

Тоқаев Тасмағамбетовты алдыра ма?

“Күркіреп күндей өтті бір соғыс” деп Қасым ақын айтқандай сайлаудың да шуы мен дуы басылды. Қазіргі “тазарған” саясат алаңында елде Қасым-Жомарт Тоқаевтан асқан саясаткер жоқ. Оның басты қарсыласы болған Әміржан Қосановтың сайлау қорытындысы шығар-шықпастан құттықтап, мойындағаны да соның дәлелі. Анау былай болғанда, мынау былай болғанда деген әңгіменің барлығы енді бос сөз болып қала бермек.

Бірақ, біз бір саясаткерді қаперден тыс қалдырдық. Ол, Қазақстанның Ресейдегі төтенше және өкілетті елшісі Иманғали Тасмағамбетов. Қазақстандағы соңғы “ойындар” уақытында Тасмағамбетовтың ойыннан тыс қалғанын ескерсек, Иманғалидың  саяси салмағы артпаса төмендеген жоқ. Ендігі сұрақ, кезінде Елбасы Назарбаев “шекара асырған” Тасмағамбетовты қазіргі президент Тоқаев Қазақстанға алдыра ма?

Сайлаудан кейін үш күн бойы еліміздің басты қалаларында халықтың сайлауға, жүйеге деген наразылық митингілерін ескерсе, Қасым-Жомарт Кемелұлы Иманғали Нұрғалиұлын алдырады. Алдағы күзде өтетін Парламент сайлауында биліктің партиясын кәтепті қара нардай сүйрейтін тұлға ол- Тасмағамбетов. Ел ішінде сүйкімі бар Иманғалидың журналистер мен зиялы қауым алдында да бет-беделі бар. Биліктің олигархтық кландары да “Тастан” аяғын тартып жүреді. қызу қанды бүкіл Батыстың Иманғалиды қалай хан көтеретінін ескерсек, және дәл қазір кадрлық дағдарыстағы биліктің жағдайын бағамдасақ Тасмағамбетовты Мәскеуден Нұр-Сұлтанға ауыстыру тиімді шешім болмақ.

Ал, енді кезіндегі биліктің өзі қауіптенген Тасмағамбетовтың Қазақстанға оралуы қазіргі билік үшін “ашық минаны” өз еркімен алдырғанмен бірдей. Лидер күтіп отырған халық үшін Иманғалидың оралуы, халықтың “көктен сұрағанын жерден бергенмен” тең жағдайда. Кәнігі саясаткер Нұрғалиұлы да бұны біліп отыр. Жоғарыда айтқанымыздай журналистер мен зиялы қауымның қолдауынан бөлек, халықтың да сүйіспеншілігін ескерсек, бұл “шахмат жүрісі” билік үшін өте қауіпті қадам.

Ал, Тасмағамбетовтың өз ойы қандай екені белгісіз. Егер, амбициясын ақылына жеңдірсе, бәрінен тыс қалғаны дұрыс. Барлық “ойыннан”. Қазір Қазақстан саясатында “қараңғы бөлмеден қара мысық ойнау” ойыны өтіп жатыр. Халыққа беделі бар тұлғалар саясаттың “батпағына батырылып”, ағаш атқа мінгізілуде. Тасмағамбетовты жоқ дегенде депутат ретінде алдырған күннің өзінде аяғы қалай боларын өзі де сезіп отыр. Кезінде сол кездегі Астана қаласының әкімі болған Нұрғалиұлы журналистер алдында “қандай жағдайда болмасын депутат болмайтынын” мәлімдеген болатын.

Соңғы сөз Тасмағамбетовтен. “Уақыт -төреші”.

Оңғар Қабден

“Адырна ұлттық порталы

 

 

Пікір жазу

Почта жарияланбайды. Таңдаулы өрісті толтырыңыз *

*

x

Check Also

Шет елдік жұмысшылар бізден бес есе айлық алады!

Сорлылық! Шет елдік жұмысшылар бізден бес есе айлық алады! Қанша жылдан бері осы проблеманы жазып ...