ҚазТАГ DDoS-шабуылдары туралы айтып, мәлімдеме жасады

1339
Adyrna.kz Telegram
Сурет: kaspersky.ru
Сурет: kaspersky.ru

ҚазТАГ Қазақстаннан басқа барлық ел үшін агенттік сайтына кіруді жабу туралы шешім қабылдады. Бұған DDoS-шабуылдары себеп болған, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Шабуылдардың негізгі легі шетелден келіп жатыр. Біз отандық аудиторияға да, шетелдік аудиторияға да назар аударамыз, бірақ бұл жағдайда біз Қазақстандағы аудиторияның пайдасына таңдау жасадық. Әрине, бұл біз үшін де, өзге елдегі оқырмандарымыз үшін де үлкен шығын. Бірақ негізгі тапсырма орындалды, яғни сайттың функционалдығы сақталды. Біз елдегі тұрақтылықты қамтамасыз етуге, сондай-ақ оның мемлекеттілігін сақтауға және нығайтуға бағытталған қазақ қоғамы үшін аса маңызды тақырыптарға материалдар жариялауды жалғастырамыз»,—деп жазды БАҚ.

Пікірлер