Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы әуежайында қауіпсіздік қызметкеріне жасалған шабуыл туралы хабардар болды. Содан кейін ол қылмыскерді ұстаған адамды мемлекеттік наградаға ұсынуды тапсырды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы әуежайындағы кепілге алынған адамға қатысты жағдай туралы хабардар болды. Елбасы қылмыскерді залалсыздандырған адамның батылдығы мен ептілігін атап өтіп, оны мемлекеттік наградамен марапаттауды тапсырды», - делінген хабарламада.
Айта кетейік, пышақ ұстаған ер адам Алматы әуежайының қызметкерін кепілге алғаны туралы хабарладық.Новости по теме
За последние три года наблюдается укрепление взаимодействия между государством и предпринимательским сообществом - Максим Крамаренко
Турксибский район Алматы укрепляет зеленый статус: более 772 тыс. деревьев и новые озелененные улицы
