"ШҚО жері Ресейге қосылады". Алтай тұрғыны желідегі пікірі үшін сотталды

1423
Adyrna.kz Telegram

Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны сепаратистік мәлімдемелері үшін 5 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Шығыс Қазақстан облыстық соты Шығыс Қазақстан жерін Ресейге беру керек деген азаматты жауапкершілікке тартты.

Алтайдың аудандық соты Қылмыстық кодекстің 180-бабының 2-бөлігі бойынша Д. есімді тұрғынға қатысты қылмыстық істі қараған. 18 тамыз күні әйел сепаратистік пиғылын әлеуметтік желілердегі жазбалардың біріне пікір ретінде жазған.

"Аккаунт парақшасының ашық қолжетімділігі бар екенін және жарияланымның астындағы талқыланатын тақырып Instagram желісін пайдаланушылардың шектеусіз тобына қолжетімді екенін біле отырып, ол Шығыс Қазақстан облысының аумағының болашақта Ресей федерациясына қосылуы туралы экстремистік идеялар мен пиғылын білдірген. Асырауында екі жас баланың болуы, кінәсін мойындауы, жасаған ісіне өкінуі жеңілдететін мән-жай деп танылды. Осылайша Д. есімді азаматшаға қатысты 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Бірақ оның балалары 14 жасқа толмағандықтан, жазаны орындау 5 жылға кейінге қалған. Үкім заңды күшіне енді", - делінген баспасөз хабарламасында.

Пікірлер