Астанада екі елдің тарихшыларымен Қазақстан-Ресей ғылыми форумы өтті

848
Adyrna.kz Telegram
Фото: astana.tv
Фото: astana.tv

Қазақстан мен Ресей мектептерінде Ұлы Жеңіске арналған бірлескен байқау өткізу жоспарлануы мүмкін, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы astanatv-ға сілтеп.

Бұл идеяны Астанада өткен Қазақстан-Ресей ғылыми форумында ресейлік ғалымдар ұсынған. Астанада өткен Қазақстан-Ресей форумы екі елдің жетекші тарихшы ғалымдары мен мемлекеттік және қоғам қайраткерлерін біріктірді. Форум аясында «Қазақстан мен Ресейдің тарихи ғылымы: ынтымақтастықтың болашағы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараны Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Ұлттық тарихшылар конгресімен бірлесіп, Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен ұйымдастырды. Екі елдің сарапшылары бірлескен жобаларды талқылап, соңғы жылдардағы жұмыстарының нәтижелерін қорытындылады.

Жиын барысында Қазақстан мен Ресей мектептерінде оқушылар арасында Ұлы Жеңіс тақырыбына арналған шығармалар байқауын өткізу ұсынысы айтылды. Шетелдік сарапшылардың айтуынша, бұл байқау үшін Қазақстан тарапымен дайындалған құжаттама қазірдің өзінде әзір.

"Ұлы Жеңіске арналған мектептік жұмыстар байқауын бірлесе өткізу ұсынылды. Мұндай байқауды біз 2019 жылы сәтті ұйымдастырған болатынбыз. Қазақстан тарапымен дайындалған байқау құжаттамасы бар, әрі зерттеу тақырыптары бойынша ұсыныстар бар. Сондай-ақ шекаралас қалаларда ортақ тарихқа арналған конференциялар өткізу туралы идеялар бар. Бұдан бөлек, Қазақстан мен Ресей аймағының дамуына айтарлықтай үлес қосқан белгілі ғалымдардың рөлін зерттеу ұсынылды", - деді тарихшы Михаил Липкин өз сөзінде.

Пікірлер