Жыл басынан бері 19,4 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

1789
Adyrna.kz Telegram
KEN JYLOI
KEN JYLOI

2023 жылдың 1 желтоқсанындағы жағдай бойынша 19 476 этникалық қазақ тарихи отанына оралып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 миллион 126,5 мың этникалық қазақ оралды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Биылғы жылдың басынан бері Қазақстанға келген қандастардың жартысынан көбі (51,9 пайыз) Өзбекстаннан, 19,6 пайызы Қытайдан, 10,8 пайызы Моңғолиядан, 8,5 пайызы Түркіменстаннан, 7,2 пайызы - Ресейден және 2 пайызы - басқа елдерден оралған.

Ағымдағы жылдың 1 желтоқсанындағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық көшіп-қонушылардың саны 60,5 пайыз, кәмелетке толмағандар – 30,9 пайыз және зейнеткерлер – 8,6 пайызды құрайды.

Келген этникалық қазақтар республиканың әр өңіріне қоныстанды.

Бұл ретте Қандастарды көшіру үшін жұмыс күші тапшы өңірлер анықталды: Ақмола, Абай, Қостанай, Павлодар, Шығыс және Солтүстік Қазақстан облыстары.

Елді мекендер бойынша 2023 жылға қандастарды қабылдау квотасы 2337 адамды құрайды. 2023 жылдың 1 желтоқсанындағы жағдай бойынша қоныс аударатын аймақтарға 2053 қандас қоныстанды.

Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін демографиялық қиындықтарға тап болған Қазақстан үкіметі «Нұрлы көш» бағдарламасы арқылы қазақтарды атажұртқа оралуға ынталандыруда.

Әлемнің 40-тан астам елінде 5 миллионға жуық қазақ тұратыны белгілі, олардың дені 1920-1930 жылдардағы КСРО кезіндегі саяси қырғын мен жоқшылықтың кесірінен көшіп кеткен ұрпақ.

«Адырна» ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Галкин и Пугачева станцевали зажигательный танец на Кипре
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пенсионерка: "Мне 98, а суставы как в 16 лет! На ночь мажу…
Пікірлер