«Егер жүргізуші жаяу жүргіншіге жол бермесе, оған айыппұл салынады» – ІІМ

941
Adyrna.kz Telegram
Ашық дереккөзден
Ашық дереккөзден

«Сергек» камераларына тағы қандай заңбұзушылықтар тіркелетінін белгілі болды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитетіне сілтеме жасап.

ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаевтың айтуынша, Алматы мен Астанада құқық бұзушылықтың жаңа түрлері бойынша пилоттық жоба қазірдің өзінде іске қосылған.

«Біз қазірдің өзінде пилоттық жобаны қолданып жатырмыз. Пилоттық режимде кейбір қалаларында, Алматы мен Астанада осындай жұмыстарды жүргізіп жатырмыз. Пилоттық жобаны аяқтағаннан кейін бұл мәселені шешуге тырысамыз. Соның ішінде ұялы телефон, қауіпсіздік белдіктерін пайдалану. Біз мұндай заңбұзушылықтарды алдағы уақытта "Сергек" арқылы анықтаймыз», - деді Сұлтанбаев ОКҚ брифингінде.

«Мысалы, егер көлік жаяу жүргіншіден кейін жүрсе, бұл жол ережесін бұзу болып саналмайды. Алайда, егер жүргізуші жаяу жүргіншіге жол бермесе және тоқтамаса, оған айыппұл салынады», - деп нақтылады ІІМ.

Сонымен қатар, пилоттық режимдегі интеллектуалды жүйе жүргізуші мен көлік құралының алдыңғы орындықтарының жолаушыларында бекітілмеген қауіпсіздік белдігі сияқты жол ережелерін бұзуды тіркей бастайды.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер