Қос президент көмекшілері кездесті

2431
Adyrna.kz Telegram
Фото: Саида Мирзиёева парақшасынан
Фото: Саида Мирзиёева парақшасынан

Қазақстан Республикасы Президентінің ішкі саясат мәселелер және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі Руслан Желдібай мен Өзбекстан Республикасы президентінің бірінші көмекшісі Саида Мирзиёева кездесу өткізді деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Бұл туралы Саида Мирзиёева Instagram парақшасында мәлімдеді.

«Бүгін Ташкентке «Жадидтер: ұлттық бірегейлік, тәуелсіздік және мемлекеттілік идеялары» атты халықаралық ғылыми конференцияға қатысу үшін келген Қазақстан Президентінің ішкі саясат және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі Руслан Желдібаймен кездесу өтті.

Біз Орталық Азия жадидтерінің елдеріміздің халықтарын біріктірудегі рөлі, олардың жасампаздығы мен аймақтың жалпы дамуына қосқан үлесі туралы пікір алмастық. Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы өзара қызығушылық тудыратын барлық салалардағы достық қарым-қатынастарды одан әрі нығайту мәселелері жан-жақты талқыланды», - деп жазды Саида Мирзиёева өз парақшасында.

«Адырна» ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины исчезают за ночь! Попробуйте этот домашний метод…
Пікірлер