Өзбекстан Францияға уранды Қазақстан, Ресей арқылы жеткізеді

827
Adyrna.kz Telegram
Фото: vesti.az
Фото: vesti.az

Өзбекстан қазақстандық компаниямен бір жыл ішінде уранды Францияға тасымалдау туралы келісімге қол қойды. Компания Санкт-Петербург портынан Францияға 500 контейнер уран концентратын тасымалдайды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы daryo.uz сайтына сілтеп.

Өзбекстандық «Навойуран» мемлекеттік кәсіпорны қазақстандық TOO Logistic Center компаниясына Санкт-Петербург портынан Францияның оңтүстігіндегі Мальвези коммунасына 500 контейнер уран концентратын тасымалдау үшін 9 миллион еуро төлейтін болды.

Уран 2026 жылдың бірінші тоқсанының соңына дейін тасымалданады. Әрбір тасымалдау Санкт-Петербург портынан жөнелтілген күннен бастап 15 күн ішінде жүзеге асырылуы керек. Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік (МАГАТЭ) қабылдаған Радиоактивті материалдарды қауіпсіз тасымалдау ережелеріне сәйкес жүк белгіленген жерге қауіпсіз жеткізілуі тиіс.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Это спасет потенцию даже в 70 лет! Продается в каждой аптеке...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Близость будет по 2.5 часа! Рецепт здесь
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Пікірлер