Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 29 наурызда жұмыс сапарымен Алматыға келді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Бұл туралы Өзбекстан президентінің баспасөз қызметі хабарлады.
Сапар барысында екі елдің делегациялары өзбек-қазақ тату көршілік, стратегиялық серіктестік және одақтастық қатынастарын тереңдету мәселелерін, сондай-ақ халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті аспектілерді талқылайды.
Айта кетейік, өткен жылы сәуір айының басында Өзбекстан мен Қазақстан басшыларының осындай екіжақты кездесуі Хиуа қаласында өткен болатын.