«Заң нормаларына қайшы». Атырауда Украина халқына көмек көрсету қоры таратылды

1157
Adyrna.kz Telegram
Фото: kazgazeta
Фото: kazgazeta

Атырауда Мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты әскери қимылдардан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек көрсету мақсатында құрылған «Слава Украины» қайырымдылық қорының тіркеуін жою туралы шешім шығарды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстан халықаралық бюросына сілтеме жасай отырып.

Жеке қор Атырау облысының Әділет департаментінде 10 тамызда тіркелсе, 25 тамызда сол басқарма мемлекеттік тіркеуді жарамсыз деп тану және ұйымды мәжбүрлеп тарату туралы талап арызбен сотқа жүгінген.

Тарату туралы шешімнің өзі 2023 жылдың 3 қарашасынан басталған.

Талап қоюшы талап арызында ұйым Жарғысының заң нормаларына сәйкес келмейтіндігіне дәлелдер келтірген.

Бұл қордың басшысы Тұрарбек Құсайынов демеушілердің қолдауымен Украинада зардап шеккендерге бес миллион теңге көлемінде гуманитарлық көмек жіберіп үлгерген. Бұл әрекет солтүстік көршілерімізге онша ұнамаған шығар, сондықтан біздің мемлекет бұл жобадан құтылу туралы бұйрық алған, деп есептейді Құсайынов.

Ресейдің Украинаға жасаған шабуылынан кейін Алматыда украин халқын қолдауға арналған келісілген шеру, сондай-ақ елде ондаған шағын акциялар өтті. Алайда соңғы бір жылда Украина халқымен ынтымақтасу акцияларын өткізуге қатысты барлық хабарламалар қазақстандық шенеуніктердің қарсылығына тап болған.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер