Назарбаев Қаңтар оқиғасы туралы айтты

8285
Adyrna.kz Telegram
Фото: GETTY IMAGES
Фото: GETTY IMAGES

Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2022 жылғы Қаңтар оқиғасы Киевтегі штаб-пәтерден басқарылғанын мәлімдеді. Бұл туралы ол «Менің өмірім. Бодандықтан – бостандыққа» атты кітабында айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Радикалды оппозицияның шынайы бет-бейнесі 2022 жылғы қаңтардағы қайғылы оқиға кезінде ашылды. Наразылық акциясының басынан-ақ Мұхтар Әблязов көпшілікті әрекетке шақырып, ұран тастады. Оның үндеуінде украиналық операторлардың коды көрсетілген. Кейіннен Әблязовтың алдын-ала құрылған штабы Киевте орналасқаны анықталды. Ол өзінің қантөгіске қатысы барын ашық айтты»,—деп жазды тұңғыш президент.

Экс-басшы сол кезде Қазақстан өз тарихындағы ең ауыр кезеңнің бірін бастан өткергенін атап өтті.

«Сол бір сынды күндерде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі жағдайды тұрақтандыру үшін Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше елдерден көмек сұрады. Осылайша Қазақстан ең ауыр сынақтардың бірінен сүрінбей өтті»,—деді ол.

Еске салайық, бүгін, Тұңғыш президент күні Нұрсұлтан Назарбаевтың кітабы жарыққа шықты. Ол туындысында өзінің өмір жолымен қатар, еліміздің қалыптасуы және даму кезеңдері туралы естеліктерімен бөлісті.

Пікірлер