Тұңғыш президент күні Назарбаевтың кітабы туралы ресми хабарланды

1972
Adyrna.kz Telegram

Бүгін Нұрсұлтан Назарбаевтың кітабы жарыққа шыққаны ресми хабарланды. Бұл туралы экс-президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Бүгін Нұрсұлтан Назарбаевтың «Менің өмірім. Бодандықтан – бостандыққа» атты кітабы жарыққа шықты», - деп жазды ол.

Естілік кітап бүгіннен бастап «Меломан» және «АлматыКітап» дүкендер желісінде сатылады.

«Бұл кітап оқырманды тәуелсіз Қазақстанның тарихына жаңа қырынан үңілуге, азаттықтың алғашқы жылдарында ел тізгінін ұстаған тұлғаның көзімен қарауға жетелейді.

Автор тікелей бел ортасында болған тарихи оқиғалар көрініс тапқан туындыда Нұрсұлтан Назарбаев өзінің өмір жолымен қатар, еліміздің қалыптасуы және даму кезеңдері туралы естеліктерімен бөлісті. Аса маңызды саяси оқиғалар, ауқымды экономикалық жаңғырулар, күрделі халықаралық  келіссөздер, ел басқарған кезде қабылдаған стратегиялық шешімдер туралы баяндады.

Жеке сырын ағынан жарылып айтуы, қаңтар оқиғасына қатысты пайымдауларын ортаға салуы Тұңғыш Президенттің бұл кітабының салмағын арттыра түседі»,—деп жазды экс-президенттің ресми сайты.

Айта кетейік, кітаптың шығу күні 1 желтоқсан — Тұңғыш президент күнімен тұспа-тұс келіп отыр.

Пікірлер