Қазақстандық БАҚ-қа шабуыл ұйымдастырған Клебанов психиатриялық ауруханада ұсталады

1797
Adyrna.kz Telegram
Фото: ҚазТаг
Фото: ҚазТаг

Қазақстандық БАҚ-қа шабуыл ұйымдастырып, сотта есі дұрыс емес деп танылған олигарх Александр Клебановтың туысы Аркадий Клебанов кәдімгі психиатриялық ауруханада болады, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы ҚазТАГ-қа сілтеме жасап.

«Алматы қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 1 қарашадағы шешімімен Клебановқа жалпы психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу түріндегі медициналық сипаттағы емдеу шаралары қолданылды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 95-бабының 2-бөлігіне сәйкес, психикалық жай-күйіне және қоғамға қауіпті іс-әрекет жасау сипатына байланысты стационарлық емделуді қажет ететін адамға жалпы психиатриялық стационарда мәжбүрлі емдеу және бақылау шаралары тағайындалуы мүмкін, бірақ қарқынды бақылауды қажет етпейді», - деп жауап берді Бас прокуратура ҚазТАГ редакциясының сауалына.

Естеріңізге сала кетейік, 4 наурыз күні Ішкі істер министрлігі Клебановтың қамауға алынғанын жариялаған болатын. Шабуылды ұйымдастырушылар бірқатар басылымдардың редакциясын өртеп, Ulysmedia сайтының бас редакторы Самал Ибраеваға қоқан-лоққы көрсетуге дайындалып жатқан. Оның айтуынша, жалпы жоспарланған шаралардың кейбірі бұрмаланған және садистік сипатта болған.

«Адырна» ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Пікірлер