Министр ең көп жалақы алатын мамандық иелерін атады

2366
Adyrna.kz Telegram
Фото: ehonews.kz
Фото: ehonews.kz

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі нарықта ұсынылатын бос жұмыс орындарының жалақы мөлшерін айтты, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

«Қыркүйек айында жұмыс берушілер учаске механиктеріне (орта есеппен 766 мың теңгеден бастап), тау-кен инженерлеріне (760 мың теңгеден бастап), сондай-ақ маркетинг қызметінің басшыларына (700 мың теңгеден бастап) ең жоғары жалақы ұсынған. Өз кезегінде ізденушілер тарапынан ең жоғары жалақыны кеме капитандары (1,2 млн теңгеден бастап), ұшқыштар (1,2 млн теңгеден бастап), сондай-ақ ғылым қызметкерлері (950 мың теңгеден бастап) сұраған», - делінген министрлік хабарламасында.

Ведомство мәліметінше, қыркүйек айында еңбек нарығындағы сұраныс білім беру саласындағы жұмыс берушілердің белсенділігінің төмендеуіне байланысты өсу қарқынын бәсеңдетті.

Сонымен қатар білім беру мекемелері кадрларды іріктейтін басқа жұмыс берушілер арасында көшбасшылық позицияны жалғастырып жатыр.

 «Адырна» ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диалог бабушки и внучки! Такое видео вызывает смех сквозь слезы…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины исчезают за ночь! Попробуйте этот домашний метод…
Пікірлер