Бүгін, 28 қаңтарда Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин қосылған құн салығы(ҚҚС) мөлшерлемесін 16%-дан 20%-ға дейін арттыру жоспары туралы айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Бұл шара тауарлар мен қызметтер бағасының өсуіне, сондай-ақ инфляцияның күшеюіне әсер етеді деп күтілуде.
Министрдің айтуынша, НДС мөлшерлемесінің артуы кәсіпорындарға шамамен 4% жүктеме әкелсе, тұтынушылар үшін тауарлар мен қызметтердің қымбаттауына әкеледі. Бұл инфляцияның 4,5%-ға дейін өсуіне ықпал етуі мүмкін.
«НДС мөлшерлемесін 16%-дан 20%-ға дейін көтеру талқылануда. Бұл міндетті түрде бағаларға әсер етеді. Дегенмен, біз бұл өсімді қысқа мерзімді деп бағалаймыз және оны әлеуметтік қолдау шаралары арқылы теңестіруді жоспарлап отырмыз», – деді Серік Жұманғарин.
Тауарлар мен қызметтердің қымбаттауы халықтың әлеуметтік осал топтарына әсер етпеуі үшін үкімет қосымша шаралар қабылдауды жоспарлап отыр:
- Мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің жалақысы мен зейнетақы мөлшерін индексациялау;
- Адрестік әлеуметтік көмекті ұлғайту.
Жұманғариннің айтуынша, НДС мөлшерлемесін көтеру ел экономикасына оң әсер етіп, жаңа жұмыс орындарын құруға жағдай жасайды. Бұл үшін мемлекеттік ресурстардың тиімді пайдаланылуын қадағалау күшейтіледі.
«Біз бизнеске арналған цифрлық инвестициялық платформа әзірледік. Онда елдегі барлық жобалар бақыланады. Бұл қаражаттың тиімсіз жобаларға жұмсалмауын қамтамасыз етеді», – деді министр.
Егер НДС мөлшерлемесі 20%-ға дейін өсетін болса, үкімет келесі шараларды енгізуді жоспарлап отыр:
- Еңбекақы төлеу қорына түсетін салықтық жүктемені 10%-ға қысқарту;
- Әлеуметтік салықты және жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарнасын алып тастау.
Сонымен қатар, НДС төлеушілер санын арттыру үшін есепке қою шегін 78,6 млн теңгеден 15 млн теңгеге дейін төмендету көзделіп отыр.
Үкімет жаңа Салық кодексі аясында 15-20 ақпан аралығында Парламентке НДС бойынша ұсыныстар енгізуді жоспарлап отыр. Оның алдында МНЭ бизнес қауымдастықпен кездесулер өткізіп, реформаны талқылайды. Реформа нәтижесінде бюджет кірісі 5-7 трлн теңгеге ұлғаяды деп күтілуде.