Ақтөбелік айтыскер Тоқаевқа дауыс беруге шақырды

3591
Adyrna.kz Telegram

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Республикалық қоғамдық штабының Ақтөбе облысындағы сапарында ақтөбелік айтыскер ақын Марат Ахметов халықты Тоқаевқа дауыс беруге шақырды. Мәулен Әшімбаев, Бекболат Тілеухандар қатысқан бұл жиында арнау айтқан Марат Ахметов 9 маусымдағы сайлауда халықты Қасым-Жомарт Тоқаевқа дауыс беруге шақырды.

Ел болып ертеңге жол бастап едің,

Бодандықтың тұманын ашқан едің.

Отыз жылдай тәуелсіз таң атырдық,

Өткен күнің том тарих, дастан елім.

Өткенің бүгініңнен мүлде бөлек,

Оны өзіңде бересің растап елім.

Елбасыны қолдаған елім менің,

Шаттығыңның шашуын шашқан едің.

Елдіктің сынға түсер сәті мынау,

Байқамай бақытыңның баспа белін.

Сайлау алды партия мүшесі боп,

Айтарым дұшпаным жоқ досқа менің.

Көсегеңді көгерткен Нұр Отаннан,

Ешқандай таңдауым жоқ басқа менің! -  деген ақынның жырына партия мүшелері ду қол шапалақпен қолдау білдіріп отырды.

Кемелұлы бастаған бұл қазақтың

Келісті келешегі кемел болсын деп аяқтады айтыскер ақын арнауын.

 

[video width="640" height="352" mp4="https://adyrna.kz/content/uploads/2019/05/marat.mp4"][/video]

Естеріңізге сала кетейік, "Айтыскер ақындар мен жыршы-термешілердің халықаралық Одағының" II Құрылтайында ақындар сайлауда Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдайтындарын шешкен болатын.

Бірақ, айтыскер ақын Ринат Зайытов "Адырна" ұлттық порталына берген сұхбатында бұл оймен келіспейтінін айтқан болатын.

https://adyrna.kz/adyrna-media-portal/rinat-zajytov-bankterdi-b-ri-zderiniki/

 

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец
Пікірлер