Қаза тапқандар саны 33 болды. 13 кенші әлі табылмады

2659
Adyrna.kz Telegram
фото: zakon.kz
фото: zakon.kz

Апаттық құтқару қызметі директорының орынбасары Жұмат Өкенов жарылыс орын алған кеніштегі зардап шеккен азаматтарды іздеу жұмыстарының барысымен бөлісті, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Оның айтуынша, шахтаның шығыс бөлігінен 14-15 адамның денесі табылған.

«6 адамды шығардық, 11 адамды бір сағаттың көлемінде шығарамыз. Шығыс жағынан тағы адамдарды тасымалдап жатырмыз. Бұлар табылған 33 кеншінің қатарына кіреді. 13 адам мүлде табылмай жатыр. Кейбір мәйіттерді, тіпті тану мүмкін болмай жатыр. Бөлшектеніп кеткен, аяғы бір жақта, басы бір жақта. Сол себептен аты-жөндерін хабарлау әзірге қиын болып тұр.

Қазіргі кезде өрт толықтай сөндірілді. Бастапқы кезде бұл да бізге кедергі келтірген болатын», – деді маман.

Жұмат Өкеновтың сөзінше, бұған дейін табылған 33 адамның денесі көзге көрінетін беткі жақта жатқандықтан табылған. Қалған 13 кеншіні табу қиынға түсіп тұр, олар үйінді астында қалуы да мүмкін.

 «Адырна» ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Галкин и Пугачева станцевали зажигательный танец на Кипре
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пенсионерка: "Мне 98, а суставы как в 16 лет! На ночь мажу…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Это спасет потенцию даже в 70 лет! Продается в каждой аптеке...
Пікірлер