Қара жәшік ашылды. Енді мүдделі тараптар Қазақстанға қарап отыр

3129
Adyrna.kz Telegram

Ақтау маңындағы 38 адамның өліміне әкеп соқтырған AZAL әуе компаниясы ұшағының апатын тергеу барысында шындықты анықтап, кінәлілерді жазалаудан гөрі, мәселені мағынасыз таласқа бұру әрекеті айқын байқалуда. Ал барлық мүдделі тарап Қазақстаннан Бразилияда жүргізілген қара жәшіктің деректерін зерттеу негізінде Әзербайжан ұшағының апатқа ұшырауының тергеу қорытындыларын күтіп отыр.

Бұл туралы Әзербайжан баспасөзі жазды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

ЛАВРОВТЫҢ ЛАҒУЫ

Аталған даудың басы Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың «қара жәшіктерден» алынған деректер «медиа кеңістікте тараған ақпаратты растамайды» деген мәлімдемесінен басталды. Мұның артынан ресейлік БАҚ әзербайжандық ұшқыштардың Грозный, Ростов-на-Дону және Ақтау диспетчерлерімен сөйлескен жазбасын жариялады. Осыған сүйене отырып, ұшқыштардың Грозныйға қонбау және соңында Ақтауға ұшу туралы шешімді өз бетінше қабылдағаны туралы қорытынды жасалды. Бұдан бөлек, диспетчерлермен сөйлесу кезінде экипаждың ұшақтың құсқа соқтығысуы немесе бортта газ баллонының жарылуы нұсқасын айтқаны алға тартылды.

Бұл жерде Ресей тарапының Әзербайжан ұшағының апаты туралы тергеу деректерін бөлісуі, жартылай мәліметтер мен жалған қорытындылардың негізінде, бұл апатты тергеудің шын мәніндегі кінәлілерін анықтамай, мәселеге екінші дәрежедегі сұрақтарды көтеру мақсатында жасалғаны анық. Мәселен, ұшқыштарға украиналық ұшқышсыз ұшатын аппараттардың шабуылына қарсы операция («Ковер») туралы ескерту жасалмағаны, ұшақтағы GPS жүйесінің Ресейдің РЭБ – радиоэлектронды құралдары әсерінен істен шыққаны, Грозный үстінде Ресей ПВО – әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесі тарапынан әуе шабуылына ұшырағаны сияқты жайттар еленбеген. Ресейдің ақпараттық машинасы, шын мәнінде, өздерінің өмірлерін құрбан еткен Әзербайжанның ұшқыштарын қате шешімдер қабылдағаны үшін айыптауға тырысады.

Бұл апат, тіпті Ресей тарапынан қасақана жасалмаса да, жолаушылар ұшағын зымыранмен атқылау, экипажға соғыс аймағында ұшпау туралы ескертпеу, сыртқы әсердің нақты себебі туралы хабарламау, ұшқыштарды жалған нұсқаларға ұрындыру және ұшаққа жылдам қонуға мүмкіндік бермеу — бәрі де қылмыс болып есептеледі.

РЕСБАҚ-ТЫҢ НАУҚАНЫ

Лавровтың дегені мұң екен – ресейлік БАҚ та бұл істі бұрмалап, Әзербайжанның Ұлттық батырлары, өмірлерін құрбан еткен экипаж мүшелеріне қарсы оларды кінәлау науқанын бастады. Тергеудің түпкілікті нәтижесін күтпей-ақ, олар Әзербайжан мен оның билігін қорлаумен бірге, Ресей тарапынан жасалған қылмысқа жауаптылардың жазадан жалтаруына жол ашуды көздеп отыр. Осылайша, Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиевтің AZAL ұшағының апатқа ұшырауына қатысты мәлімдемелерінде жазылған ресейлік тараптың «бұл істі тыйып тастауға» ұмтылысы нақты расталды.

Барлық мүдделі тараптар Қазақстаннан Бразилияда жүргізілген қара жәшіктің деректерін зерттеу негізінде Әзербайжан ұшағының апатқа ұшырауының тергеу қорытындыларын күтіп отыр. Дегенмен, ұсақ-түйектерге қарамастан, мәселенің маңызды жағы ешқандай күмән тудырмайды. Сондықтан Ресейден өз кінәсін мойындап, ондаған адамның өмірін қиған Грозный аспанында қылмыс жасағандарды жауапқа тартуын талап етуде.

Сонымен қатар, Әзербайжан мемлекетіне, ұшақ апатынан зардап шеккендердің барлығына, қаза тапқандардың отбасыларына өтемақы төлеу қажет. Яғни, Әзербайжанның Ильхам Әлиев тұжырымдаған барлық талаптары орындалуы керек. Әзербайжан президенті атап өткендей, талаптар әділ, «халықаралық тәжірибе мен адамның қалыпты мінез-құлқына» негізделген. Ал Баку мен Мәскеу арасындағы қарым-қатынастың одан әрі жағдайы осыған байланысты анықталмақ.

ҚАЗАҚСТАН ҚАШАНҒЫ ҰСТАЙДЫ?

Айта кетейік, Қазақстан Ақтау маңында құлаған Azerbaijan Airlines әуе компаниясының ұшағынан алынған қара жәшіктердің Бразилиядан жеткізілген деректерін зерттеуге кіріскенін 15 қаңтарда хабарлаған. "Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің авиациялық оқиғаны тексеру жөніндегі комиссиясы ИКАО-ның 13-қосымшасындағы стандарттар мен ұсынылған тәжірибеге сәйкес барлық фактілер мен материалдарды егжей-тегжейлі зерделегеннен кейін алдын ала есеп жариялайды. Бұл есепте нақты анықталған ақпарат және тергеу барысы туралы мәліметтер көрсетіледі. Қазақстанға жеткізілген борттық жазғыштардың шифры шешілген деректері де мамандар тарапынан зерттелуде", - деп хабарлаған сонда Қазақстан Көлік министрлігінің баспасөз қызметі. Ақтау маңында апатқа ұшыраған ұшақтың қара жәшіктерін  шифрын анықтауға міндеттелген Бразилияда бұл жұмыс 7 қаңтарда аяқталғаны белгілі болған. Сол кезде қара жәшіктің екі жазғышынан алынған тиісті ақпарат Қазақстан билігіне жіберілгені хабарланды.

Еске салсақ, 2024 жылы 25 желтоқсанда Әзербайжан астанасы Бакудан Шешенстан орталығы Грозныйға ұшып шыққан Azerbaijan Airlines әуекомпаниясының Embraer E190 ұшағы Ақтау қаласы маңында апатқа ұшыраған болатын. Борттағы 67 адамның 38-і қаза тапқан еді.

Болжам бойынша, Грозный әуе кеңістігінде ұшақ ресейлік әуе қорғаныс жүйесінің шабуылына ұшырағаннан кейін бағытын өзгертуге мәжбүр болған, осылайша Қазақстанда апатқа ұшыраған. Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев апатқа Ресей өкілдері кінәлі деп мәлімдеп, Мәскеу өтемақы төлеуі керек деген талап қойды.

Кейін Ресей президенті Владимир Путин Әлиевке ұшақ «Ресейдің әуе кеңістігінде апатқа ұшырағаны үшін» кешірім сұрады. Ресей билігі Әзербайжан ұшағы Грозныйға қонбақ болған кезде украиналық дрондарға байланысты қала төбесінде әуе қорғаныс жүйесі іске қосылып тұрғанын мойындаған.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Пікірлер