Ақтауда опат болған ұшаққа қатысты жаңа деректер белгілі болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы ҚазТАГ-қа сілтеп.
Агенттіктің мәліметінше, Flightradar24 сайты Бакуден Грозныйға ұшып бара жатқан J28243 рейсімен байланысты мәліметтерге назар аударған. Әуе кемесі кеше Қазақстанның Актау қаласына жақын маңда апатқа ұшыраған.
Flightradar24 картасындағы мәліметтерге сәйкес, ұшақ Махачқала маңында радардан жоғалып, 12 минуттан кейін Солтүстік Осетияның Ардон қаласы маңында қайта пайда болған. Онда ұшақ біраз уақыт айналып ұшып, қайта жоғалып кетіп, 1,5 сағаттан кейін Каспий теңізі үстінде Актау маңында көрінген. Бұл деректер бойынша рейстің бағытында белгісіз жағдайлардың болғаны күмән тудырды.
Апаттың себебі ұшақ қозғалтқышына құс түсуі болуы мүмкін деген ақпарат тарады. Бұл деректі Ресейдің авиация өкілі Артем Кореняко растады.
Қазір апат болған жерде 287 құтқарушы мен 65 техника жұмыс істеп жатыр. Соңғы деректерге сәйкес, апаттан 29 адам зардап шекті. 38 адам, оның ішінде алты қазақстандық, қаза тапты. Қаза болған қазақстандықтардың арасында балалар да бар.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев апатқа байланысты Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевке көңіл айтты.