2 мыңнан астам кәсіпкерге 2,4 млрд теңге қайтарылады

1451
Adyrna.kz Telegram
Фото: egemen.kz
Фото: egemen.kz

Құқық қорғау қызметі аясында Бас көлік прокуратурасы бизнес субъектілерінің құқықтарына нұқсан келтіретін фактілерді анықтады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі басқарманың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«2022 жылдан бастап қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлеу бойынша міндеттемелер өзгертіліп, кәсіпкерлердің жекелеген санаттары экологиялық төлемдерден босатылған. Осыған қарамастан, бұл мән-жайларды білмей, кәсіпкерлер тиісті төлемдерді жүргізуді жалғастырды, ал салық органдары олардың негізсіз шығындарын болдырмау мақсатында тиісті түсіндіру жұмыстарын жүргізбеген.

Сол сияқты басқа 2 203 кәсіпкер де бюджетке негізсіз 2,4 млрд теңгеден жоғары қаражатты аударған»,—деп жазды Бас көлік прокуратурасы.

Басқарма кәсіпкерлерге ақшалай қаражатты қайтару бойынша жұмыс басталғанын атап өтті. Қазіргі таңда шамамен 30 млн теңге кері қайтарылған.

Пікірлер