"Абайлаңыз". Банк қызметкері алаяққа алданып қалған

1434
Adyrna.kz Telegram

Алматыда банк қызметкерлері алаяққа алданып қалған, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Polisia.kz-ке сілтеп.

Алаяқтар адамдарды алдау арқылы мүмкіндігінше көп ақша табуды көздеген. Алданғандардың арасында екінші деңгейлі банктердің бірінің қызметкері де бар болып шықты.

"Оның мессенджеріне құқық қорғау органдарының өкілдері банк пен оның қызметкерлеріне қатысты тексеру жүргізіп жатқанын және ол олардың нақты нұсқауларын орындауы керек деген хабарламалар келе бастаған. Кейінірек олар кибершабуыл болғанын және алаяқтық әрекеттердің алдын алу үшін барлық қолданыстағы шоттан ақшаны алып, содан кейін сенімді адамдарға аудару қажеттігін хабарлаған. Осы нұсқауларды орындаған әйел шотынан 4 миллион теңге мен 10 мың долларды шешіп алған. Ол ақшаны курьерге беріп жіберген", – деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Қуатбек Науатов.

Артынша ақшаны алып кеткен курьер ұсталған. Ол банктен алған сомманы шоттарға аударып жіберген. Полиция олардың ізі шетелде табылғанын айтты.
Пікірлер