«Мен имам емеспін». Жұмысшыларды мешіт әжетханасына кіргізбеген видео кейіпкері үндеу жасады

1836
Adyrna.kz Telegram
фото: видеодан скриншот
фото: видеодан скриншот

Желіде түркістандық имамның мешіт әжетханасына кірмек болған тазалыққа жауапты коммуналды сала жұмысшыларын қуып шыққан видеосы тараған еді. Оқиғаның мән-жайы анықталып, әйелге ұрысқан имам емес, қарапайым жұмысшы екені белгілі болды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Әйелді діни орыннан қуып шыққан ер адамның есімі Есей Герұлы. Ол имам емес, аула тазалығына жауапты қарапайым мешіт қызметкері.

Оның айтуынша, оқиға бір күн бұрын болған. Жұмысшылар үнемі әжетханаға кіріп-шығуды сұрайды екен. Алайда, олар дәретхана ішін таза ұстамайтын көрінеді. Сол себепті мешіт қызметкері олардың бұл әрекетіне шыдамай жанжал шығарған.

«Барлығынан кешірім сұраймын. Мен имам емеспін, қарапайым адаммын, тек тазалыққа жауаптымын. Кеше олар әжетхананы былғаған соң ескерту жасадым. Исламда бәрі таза болуы керек. Мен бұл үшін ешқандай жалақы алмаймын. Тағы да қайталап айтамын, мен имам емеспін, тіпті ұстаз да емеспін. Мен мұнда жұмыс істемеймін. Мынау Намазхана, біреулер келіп мына жердің мүлкін бүлдіреді, қоқыс тастайды, заттарды сындырады. Мұндай жағдайлар кейде болып тұрады. Сол үшін айқайладым, сол үшін кешірім сұраймын. Енді қайталанбайды», - деді Есей Герұлы.

Сондай-ақ ол ҚМДБ мен мүфтият өкілдерін айыптауға себепкер болғаны үшін кешірім сұрады.

 «Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер