Қазақстанда қылмыс жасаған абьюзерлер психологиялық түзетуден өтуге міндеттеледі

1357
Adyrna.kz Telegram

«Ашық заңды тұлғалар» порталында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің елдегі абьюзерлерге мәжбүрлі психологиялық терапияны енгізуге қатысты бұйрығы жарияланды. Осы құжатқа сәйкес, тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адамдарды психотерапевтік курстан өту тәртібі мен емдеу бағдарламасы бекітілді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

“Бұйрық жобасында зорлық-зомбылыққа қатысты құқық бұзушылық жасаған адамдарға психологиялық көмек көрсету тәртібі, сондай-ақ психологтарға медициналық-психологиялық түзету бағдарламасын жүргізу және тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адамдармен жұмыс жүргізу талаптары қарастырылған” делінген түсіндірме хатта.

Осылайша, Денсаулық сақтау министрлігі отбасындағы агрессорлардың мінез-құлқын өзгертуге, оларды эмоцияларын басқаруға үйретуге және жанжалдарды шешудің басқа жолдарын іздеуге көмектеспек.

Сонымен қатар, психологтарға түзету бағдарламасын жүргізу және тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адамдармен жұмыс істеу талаптары бекітілуде. Құжатқа сәйкес, денсаулық сақтау мекемелерінде психологиялық түзету жұмыстары жүргізіледі.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Приматывал это к коленями 3 ночи подряд и суставы не болят уже…
Пікірлер