Боранбаевқа қатысы бар мұнай компаниясы мемлекет меншігіне өтті

2120
Adyrna.kz Telegram
Сурет: kapital.kz
Сурет: kapital.kz

Дариға Назарбаеваның бұрынғы құдасы Қайрат Боранбаевқа қатысы бар Phystech II мұнай компаниясы мемлекет меншігіне өтті, деп хабарлады «Адырна» тілшісі KASE-ке сілтеме жасап.

Бұл компанияның 100% акциясының жалпы құны 35,4 млр теңгеге бағаланды.

«Акционерлер мемлекеттік органдардың балансына жалпы құны 35 417 122 000 теңгені құрайтын қоғамның 13 749 100 жай акциясын (100%) мемлекет меншігіне ерікті түрде және өтеусіз өткізу туралы шешім қабылдады», – делінген хабарламада.

«Phystech II» АҚ — Маңғыстау облысындағы Солтүстік Қаражанбас мұнай кен орнында мұнай мен газды барлауды және өндіруді жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы компания. Ақтауда орналасқан компания акцияларының бір бөлігі Қайрат Боранбаевқа тиесілі болған.

Еске салайық, 14 қыркүйекте Қайрат Боранбаев мемлекетке 90 миллиард теңгенің мүлкін өз еркімен қайтарған еді. Оның ішінде мұнай кәсіпшілігі, газ таратушы компания, қызмет көрсету кәсіпорны, қонақ үй және сауда-ойын-сауық кешендері, фитнес-орталықтар желісі мен кеңсе кеңістігі бар.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы давление всегда было 120\80, прекратите добавлять в еду...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У кого болят колени и суставы - читайте пока не удалили!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Суставы болят не от старости! Найден злейший враг боли в суставах
Пікірлер