Шымкентте 3 жасар бала төртінші қабаттан құлап кетті

2184
Adyrna.kz Telegram
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Шымкентте 3 жасар бала төртінші қабаттан құлап кетті. Бұл туралы төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Ақпаратқа сәйке, Сайрам шағын ауданында ата-анасының қарауынсыз қалған үш жасар бүлдіршін 4-қабаттан құлап кеткен.

Қазір бүлдіршін Шымкент қаласындағы облыстық клиникалық балалар ауруханасына жатқызылды. Жағдайы ауыр. Оған мидың шайқалуы, жіліншіктің жабық сынуы, іштің доғал жарақаты диагнозы қойылып отыр.

Алдын ала болжам бойынша, бала москит торына сүйеніп, сонымен бірге құлап кеткен. Осы уақытта анасы басқа бөлмеде болған. Құрметті ата-аналар, балаларыңызды қараусыз қалдырмаңыздар, – делінген төтенше жағдайлар департаментінің хабарламасында. 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Пікірлер