Елімізде алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды

2804
Adyrna.kz Telegram

Алаяқтар сим-карталардың жарамдылық мерзімін ұзартуды ұсынып, адамдарды алдап жатыр. Қазақстандықтар мессенджер арқылы алаяқтықтың жаңа түрі туралы ақпарат таратып жатыр, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Пайдаланушылардың айтуынша, алаяқтар телефон соғып, өздерін ұялы байланыс операторының қызметкеріміз деп таныстырады. Олар алаяқтық құрбандарына абоненттің SIM-картасының мерзімі өтіп жатқанын айтып, оны жаңарту үшін көрсетілген сілтеме бойынша өтуін сұрайды. Осылайша, алаяқтар банк қосымшаларына, ресми аккаунттарға және басқа да жеке деректерге қол жеткізеді.

«SIM-карталардың жарамдылық мерзімі болмайды. Ал банк немесе дисконттық карталар секілді басқа карталардың жарамдылық мерзімі әрқашан сол картаның өзінде жазылып тұрады. Ешбір жағдайда, тіпті қоңырау соққан адам өзін банктің немесе оператор компанияның қызметкерімін деп таныстырса да, күмәнді сілтемелерді басуға немесе SMS кодтарды, құпиясөздерді, логиндерді немесе басқа да деректерді телефон арқылы айтпау керек», - деп ескертті Stop Fake сайты.

«Адырна» ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диалог бабушки и внучки! Такое видео вызывает смех сквозь слезы…
Пікірлер