Швейцария билігі бетті тұмшалайтын киімге тыйым салды

3244
Adyrna.kz Telegram

Швейцарияда бетті жауып тұратын киімге тыйым салынды, деп хабарлайды “Адырна” тілшісі.

Швейцария парламенті бетті жауып тұратын киімді, соның ішінде никаб пен хиджаб – әйелдерге арналған дәстүрлі мұсылман бас киімдерін киюге тыйым салатын заң қабылдаған. Бұл туралы Bloomberg агенттігі жазған.

Швейцария халқының 51%-ы 2021 жылдың ақпанында өткен жалпыхалықтық дауыс беруде бетті тұмшалайтын жабық киімді киюге тыйым салуды жақтап дауыс бергеннен кейін ғана тыйым күшіне енді. Жаңа заңды бұзғандарға 1 мың франкке, яғни 1116 долларға дейін айыппұл салынбақ.

Bloomberg агенттігінің хабарлауынша, Швейцариядағы мұсылмандар референдум кезінде заңды қатты сынға алған. “Күлгін бас киімдер” атты исламдық әйелдер тобының баспасөз хатшысы Инес аль-Ших Франс Швейцарияда «бар болғаны 30 әйел паранжа киетінін» айтты, бірақ елдің Федералдық статистикалық басқармасының 2019 жылы жүргізген сауалнамасы халықтың 5,5 пайызы мұсылмандар екенін көрсеткен болып шықты.

Елдің Әділет министрі Карин Келлер-Саттер референдум нәтижелеріне түсініктеме бере отырып, Федералдық кеңес пен Швейцария парламентінің бетті жасыратын киімге тыйым салуға қарсы болғанын атап өтті. Ол шектеу штатта тұратын мұсылмандарға арналмағанын қоса айтты.

Пікірлер