Балалардың көзінше. Оралда ер адам итті пышақтап өлтірген

1648
Adyrna.kz Telegram
Фото: Aikyn.kz
Фото: Aikyn.kz

Орал қаласында ер адам балалардың көзінше итті пышақтап өлтірді. Бұл туралы Instagram әлеуметтік желісінде жануарларды қорғау жөніндегі Inucobo қауымдастығы мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Ақпарат бойынша, ер адам пышақпен қалада еркін серуендеп жүрген.

Бәрі балалардың көзінше болған. Волонтерлар шағым түсірді, бірақ олар полиция қызметкерлерінің істі жан-жақты қарағысы келмейтініне наразы, делінген жазбада.

ҚазАқпараттың хабарлауынша, БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаның 5 тамызға қараған түні сағат 00.30-да Гагарин көшесі 36/2-мекенжайында орналасқан тұрғын үйдің ауласында болғанын жеткізді.

Ер адам итті пышақтап өлтірген. Қабылданған шаралар нәтижесінде күдікті анықталды. Орал қаласы полиция басқармасы ҚР ҚК 316-бабына (жануарларға қатыгездiкпен қарау) сәйкес тергеу амалдарын жүргізуде, деп хабарлады ведомстводан.

 

Пікірлер