Орал әуежайының атауы өзгертіледі

2890
Adyrna.kz Telegram

Орал қаласының әуежайының атауы өзгертіледі, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

«Мой город» өңірлік басылымының хабарлауынша, тиісті шешім облыстық мәслихат сессиясында қабылданды.

Тілдерді дамыту департаменті басшысының міндетін атқарушы Света Ганиева мұндай ұсыныстың қоғам қайраткерлері мен депутаттардан түскенін айтты.

«Нұр Отан» партиясы жанындағы «Мирас» қоғамдық кеңесінің мүшелері мен облыстық мәслихат депутаттары «Орал халықаралық әуежайы» ЖШС атауын Кеңес одағының батыры Мәншүк Мәметованың атыну өзгерту туралы ұсыныс жасады. Депутаттар бұл ұсынысты бірауыздан қолдады.

Мәншүк Мәметова - Орал өңірінің тумасы (қазіргі БҚО), Ұлы Отан соғысының қатысушысы. Ол Қызыл Армияда пулеметші болды. Ол соңғы шайқаста 70 -тен астам қарсыласын жойып, 1943 жылдың күзінде қайтыс болды. Мәншүк Мәметова қайтыс болғаннан кейін Кеңес Одағының Батыры атағын алды.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер