Орал тұрғынына сепаратизмді насихаттады деген айып тағылды

2944
Adyrna.kz Telegram

Орал тұрғынына сепаратизмді насихаттады деген айып тағылды. Бұл туралы Батыс Қазақстан облыстық соттың баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Жергілікті тұрғынға қатысты қылмыстық іс Орал қалалық сотында қаралады.  Ақпарат бойынша, сот процесі 11 қазанда өтеді.

Журналист Лұқпан Ахмедьяров бұған оралдық Максим Яковченконың әлеуметтік желідегі жазбасы себеп болғанын жазды.

Оның айтуынша, Орал тұрғыны «Орал, Петропавл, Павлодар және тағы басқаларын Ресейге беру керек. Себебі мұндағы бәрін жояды. Жатжерлік билікте отыр. Жатжерліктер бәрін ластайды. Маймылдар жан-жағын жайпап, көшіп жүргенге үйренген» деп жазған.

Максим Яковченкоға қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша айып тағылған: 174-бабы «әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру» және 180-бабы «сепаратистік әрекет».

Полиция бастапқыда «алауыздықты қоздыру» бабы бойынша тергеуді бастаған. Кейіннен оған сепаратистік әрекетке қатысты айып тағылған бап қосылды.

”Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер