Министр "мәдениеттің болуы" керек екенін айтып, мобильді интернетті үнемдеуге шақырды

2364
Adyrna.kz Telegram

Министр үндеу жасады. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин қазақстандықтарды мобильді интернетті үнемдеп пайдалануға шақырды. Мобильді интернет қолданудың мәдениетін меңгеруге үндеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Министр үкімет отырысынан кейін тілшілерге берген сұхбатында:

«Қазақстандықтар (айына – ред.) 15-20 Гбайт ақпарат тұтынып үйреніп қалғаны түсінікті. Бірақ үнемдейікші, мобильді интернет деген қымбат екенін түсінейікші. Үйге келгенде Wi-Fi-ға қосылу керек. Қандай да бір мәдениет болуы тиіс», - деді.

Сонымен қатар интернет сапасы нашарлаған жағдайда байланыс операторларының халықты құлақтандыруы тиіс екендігін айтты. Енді мұндай әрекетке барлық байланыс операторларының міндеттелетіні айтылды.

Сондай-ақ министр елімізде ең төменгі мобильді интернет тарифі 2700 теңге тұрады деген мәлімет келтірді.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Б.Мусин Астана қаласы интернет жылдамдығы бойынша Токионы басып озғанын хабарлаған еді.

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Бегайте в 65 как в 20! Восстановите суставы этим средством...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Мы с мужем обрели вторую молодость! Вот как ему вернули потенцию…
Пікірлер