Әзірбайжан - Украинаға көп көмек көрсеткен ТМД-дағы бірінші ел

2435
Adyrna.kz Telegram

Әзірбайжан Украинаны қалпына келтіруге 10 миллион доллар бөлуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды “Адырна” тілшісі. 
Әзірбайжан Сыртқы істер министрі Джейхун Байрамов Лондонда өткен конференцияда мемлекеттің Украинаға электр жабдықтарын жіберіп, қалпына келтіру жұмыстарына көмектесетіндігін ресми хабарлады. Соғыс зардабын тартқан Украинаны қалпына келтіру жөніндегі жиын сәрсенбі күні өткен еді.  Джейхун Байрамов:

- Әзірбайжан Украинаны қалпына келтіру және қайта құру күш-жігеріне, атап айтқанда, электр жабдықтарын жіберу және Ирпин қаласына қайта құру жобаларын жүзеге асыру арқылы өз үлесін қосуды жалғастыруды жоспарлап отыр. Бұл көмектің жалпы сомасы кемінде $10 миллионды құрайды, - деді.

Сондай-ақ, Әзірбайжан министрлігі 2022 жылдың ақпан айынан бері Әзірбайжан Украинаға 20 миллион доллардан астам гуманитарлық көмек көрсеткенін атап өтті.

Пікірлер