500 млн теңге. Қостанайда агроөнеркәсіпке бөлінген субсидия ұрланған

2392
Adyrna.kz Telegram

Қостанайда бір топ жеке тұлға агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы бойынша субсидия ретінде бөлінген 500 млн теңгеден астам қаржыны жымқырды деген күдікке ілінді. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі мәлімдеді, деп хабарлайды ”Адырна” ұлттық порталы.

Мәлімет бойынша, ұйымдасқан қылмыстық топ 2022 жылдан бүгінге дейін әрекет етіп келген.

Сот ұйымдастырушы мен оның екі сыбайласын 2 айға қамауға алу туралы санкция берді. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге де мәліметтер жария етілуге жатпайды, – делінген хабарламада.

Айта кетейік, қылмыстық схема бойынша шаруа қожалықтары шын мәнінде жоқ өнімді қайта өңдеу зауытына жалған жеткізіп, олар үшін субсидиялар төленіп, ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысушылар арасында үлестірілген.

Пікірлер