Оралда алаяқтық жасады деп айыпталған блогер тергеу изолятторында аштық жариялады

2634
Adyrna.kz Telegram

Оралда алаяқтық жасады деп айыпталған блогер Аслан Өтепов тергеу изолятторында аштық жариялады. Бұл туралы "Уральская неделя" жазды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Оралда белгілі блогердің соты жүріп жатыр. Сот талқылауы барысында прокурор Өтеповты 7,5 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

Өтепов түрме камерасынан видеоүндеу жасап, 3 күндік аштық жариялағанын мәлімдеді. Блогер өз мәлімдемесінде бірқатар құқық қорғау органдары қызметкерін кінәлі деп санауды сұрады. 

Қорғаушы тарап азаматтық белсендіге қарсы қылмыстық істің астарында трамадолды заңсыз сатуға қарсы күресіне байланыстырып отыр.  

Еске салайық, Аслан Өтепов алаяқтық жасады және пара беруге шақырды деп айыпталған. Сот отырысында ол балалар үйінің тәрбиеленушісі және кәмелетке толмаған үш баланы тәрбиелеп отырғандықтан, өзін бас бостандығынан айырмауды сұрады.

"Мен ресми түрде үш күннен бері аштық жариялап отырмын. Егер аштық жариялаған соң басыма қандай да бір қиындық түссе, мына адамдарды кінәлауыңызды сұраймын: біріншіден, өтінішке заңсыз қол қойған Орал қаласының прокуроры Сәтбаев Азаматты. Содан соң Семилиди Анастасияны. 1976 жылы туған судья Карпов Николай да бар", - дейді Өтепов видеода.

Өтепов бұл шешімді өзі қабылдағанын және өзі қамауда отырған мекеме әкімшілігіне ешқандай талаптары жоқ деп сендірді.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Пікірлер