Орал қаласында қардың тез еруі салдарынан көшелер мен жолдарға су жиналып жатыр, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Деркөл кентінде су «Сарыарқа» шағынауданына баратын жаңадан салынған жолдың үстіне жайылды.
Батыс Қазақстан облысының ТЖД мәліметінше, қалаішілік автожолдың ойпатты бөлігіне қар суы жиналған. Екі бірдей шағынауданды байланыстыратын жолға еріген қар суы жайылды.
Қазір көлік қозғалысына кедергі жоқ, тұрғындарға қауіп төнбеген.
ТЖД бөлімшелері мотопомпалармен су айдау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Сондай-ақ, полиция қызметкерлері мен жергілікті атқарушы органдар өкілдері жұмылдырылған.
Әлеуметтік желіде тұрғындар қала көшелерінде судың жиналып, көлік қозғалысына қиындық туғызып жатқанын айтып, бейнежазбалар жариялауда.