Қарағандыда Рамазан Стамғазының кеші өтеді

1918
Adyrna.kz Telegram

3 мамыр күні сағат 18.30-да «Шалқыма» концерт залында Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Рамазан Стамғазының  «Дариға-дәурен» атты шығармашылық кеші өтеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

– Мен бұл концертке үлкен дайындықпен бара жатырмын. Сахнада жүргеніме биыл 35 жыл толыпты. Арқа жұртына Арқа әндерін шырқап, бір есеп беріп қояйын деп шештім. Оның үстіне Қарағандыда концерт бермегеніме 10 жылдың жүзі болыпты. Жақсы бір рухани кездесу болады деп ойлаймын, - дейді Рамазан Стамғазы.

Сонымен қатар концертте әншінің жұбайы, белгілі эстрада әншісі Ұлту Қабай да өнер көрсетеді деп күтілуде.

«Құлақтан кіріп, бойды алар» есті ән тыңдағыларыңыз келсе 3 мамыр күні «Шалқыма» концерт залын бетке алыңыздар, ағайын! Билеттерді ticketon.kz сайтынан алуға болады.

"Адырна" ұлттық порталы  

 

Пікірлер