Қытай ғалымдары коронавирустың Уханьдағы базарда қалай пайда болғанын тағы жасырып қалды

2819
Adyrna.kz Telegram

Қытайдың "Аурулардың алдын алу және бақылау орталығының" (CDC) ғалымдары алғаш рет рецензияланған журналда Covid шығу тегі туралы ғылыми зерттеулерін жариялады. Зерттеу нәтижесінде вирус үлгілерінен "жабайы жануарларға" тән генетикалық материал табылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Коронавирустың пайда болуына қатысты жұмған аузын ашпай отырған Қытай билігі әлем ғалымдары тарапынан сынға қалған еді. Олар тұңғыш рет ғылыми басылымда бұған қатысты зерттеу жұмысын жариялады.

Ғалымдар 2020 жылдың қаңтар-наурыз айларында базардан коронавирустың шығу тегін анықтау  үшін 1380 сынама алған. Оның ішінде жабайы жануарларды заңсыз сататын базардағы 73 cынамадан корона белгілері анықталды.

Сонымен қатар, коронавирусты тасымалдауға қабілетті кейбір жабайы жануарлар, Ракон иттері, осы базарда сатылғанын хабарланды. Дегенмен авторлар әлі нақты мәлімдеме жасауға асықпай отыр. Олар базардан алынған сынамаларды нақты бір тоқтамға келу үшін жеткіліксіз деп санайды. Осылайша Covid-19-дың шығу тегі белгісіз күйінде қалды.

 "Біздің зерттеуімізден алынған дәлелдер бұл гипотезаны нақтылау үшін жеткіліксіз.  Зерттеуімізде Ракон иттерінен "SARS-COV-2" болғаны айтылады. Алайда, бұл сынамалар вирустың жануарлардан бізге жұққанына дәлел бола алмайды. Сонымен қатар, жануарлардан бізге жұқққан болса, керісінше адамнан жануарға да жұғуы мүмкін екенін ескертеміз, — делінген зерттеуде.

Дегенмен, бірқатар сарапшылар Қытай ғалымдарының деректі бұрмалап, "түлкібұлаңға" салып отырғанын айтып отыр.

"Ең бастысы, бұл маңызды деректер жинағы ашық жарияланды және оны басқалардың қарастыруы, талдауы мен сынауына жол ашық", — дейді коронавирус жаппай таралғалы бері генетикалық зерттеулермен айналысып келе жатқан Глазго университетінің профессоры Дэвид Робертсон.

Оның пікірінше, сынамалар "коронавирустың базардағы жануарлардан  адамдарға жұқтырғанына дәлел".

"Егер сіз бұл деректерді Уханьдағы Covid-19-ның  әп дегенде шыққан жағдайымен салыстырсаңыз, бір шикіліктің бар екенін түсінесіз. Әрі вирустың таралу аймағына қарап-ақ жануарлардан жұққанын пайымдауға болады", - деп ол өз ойын ВВС арнасында түсіндірді.

Орайы келгенде айта кетейік, АҚШ Федералды тергеу бюросының (ФБР) директоры Кристофер Рей  коронавирустың басталуына себепкер ретінде Қытай билігі қарасты Ухань зертханасын кінәлайды.  Рейдің айтуынша, ҚХР Үкіметі пандемияның себептеріне қатысты тергеуді сан-cаққа жүгіртіп, әлемді шатастыруға тырысу үшін барын салып жатыр.

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер