“Өлі қайтарды”. Алматы облысының тұрғыны екі жасар сәбиінің өліміне күтушіні кінәлады

4054
Adyrna.kz Telegram

Алматы облысы Жаңалық ауылының тұрғыны баласының өліміне күтушіні кінәлайды. Бұл туралы әлеуметтік желілерде баласының өлімі жайлы айтқан тұрғынының видеосы таралып жатыр, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

"Мен балаларымды күтушіге қалдырдым, 25-і күні таңертең кішісін өлі күйі қайтарды. Бүгін, 6 сәуірде оны босатып жіберді. Неге оны жазаламайды? Заң қайда, әділеттілік қайда? Дәлел жеткіліксіз дейді, бала өліміне не дәлел керек?"- деп шағымданады әйел.

Бастапқыда күтуші баланы 3 жасар әпкесі тұншықтырып өлтірді деп мәлімдеген. Бірақ жүргізілген сараптамадан кейін іс ҚР ҚК-нің 99-бабына (кісі өлтіру) ауыстырылды.

Күні кеше қайтыс болған баланың ата-анасы күтушінің қамаудан босатылғанын естіген.

Полиция бұл жағдайға қатысты әлі түсініктеме берген жоқ.

Пікірлер