Израиль қарулы күштері әл-Ақса мешітіне шабуыл жасады

2703
Adyrna.kz Telegram

Иерусалим қаласындағы Әл-Ақса мешітінде Израиль қауіпсіздік күштерімен қақтығыс кезінде ондаған палестиналық жарақат алды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

WAFA агенттігінің хабарлауынша, Израиль қарулы күштері сейсенбі күні кешке мешіттің намазханасына басып кіріп, ондағы палестиналықтарға гранаталар лақтырып, улы газ сеуіп, резеңке оқпен атып, шабуыл жасаған.

Агенттіктің мәліметіне қарағанда, мешітке баса-көктеп кірген Израиль қауіпсіздік күштері мылтық қаруын да қолданған.

Палестинаның тұтқындар істері жөніндегі комитетінің баспасөз хатшысы Рияд әл-Ашкар журналистерге Израильдің Әл-Ақсадағы рейд нәтижесінде 200-ден аса жергілікті тұрғынның ұсталғанын хабарлады.

Оның айтуынша, ұсталғандар Израильдің Иерусалимдегі Аната әскери базасына жеткізілген.

- Әл-Ақса мешітінде жараланған біраз адам шұғыл емделуді қажет етеді. Дегенмен Израиль оларға медициналық көмек көрсетуден немесе ауруханаларға жіберуден бас тартып жатыр, - деді ол.

Палестина ақпарат құралдары рейдтен кейін Иордан өзенінің батыс жағалауындағы бірқатар қалаларда шерулер басталғанын хабарлады. Иорданияның Сыртқы істер министрлігі де Израильдің әрекетіне жауап беріп, рейдті қатаң айыптады.

Басқа да мәліметке қарағанда, осыған жауап ретінде Газа секторы Израильді зымыранмен атқылаған. Израиль жауап ретінде ұшақтармен соққы жасады.

Таяу Шығыстағы жанжал тағы ушығып барады.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Галкин и Пугачева станцевали зажигательный танец на Кипре
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Вашингтон опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Пікірлер