Өзгелерде қалай? Еуропада сағат тілін жылжыту саяси мәселеге айналды

454
Adyrna.kz Telegram

Еуропа одақ елдерінде маусымдық сағат жылжытуды тоқтату қиындық тудырып отыр. Негізгі себептердің бірі – уақыт белдеулерінің күннің табиғи уақытымен сәйкес келмеуі.

Биыл Еуропада кезекті уақыт ауыстыру 31 наурызға сәйкес келіп, сағат тілі 60 минутқа алға жылжытылды. Бұл тәжірибе көптеген азаматтардың наразылығын тудырып отыр. 2018 жылы жүргізілген сауалнамаға сәйкес, Еуропа одағы (ЕО) тұрғындарының 84 пайызы жыл сайынғы уақыт өзгерісіне қарсы екенін білдірген.

ОРТАҚ ШЕШІМІ ЖОҚ ОДАҚ

Ғылыми зерттеулер сағат тілін жылжытудың адам ағзасына кері әсерін тигізетінін көрсетеді. Сағаттың өзгеруі ұйқы режимін бұзып, созылмалы аурулардың асқынуына әкелуі мүмкін.

Time Use Initiative ұйымы бас директорының орынбасары Ариадна Гуэль Санс Euronews-ке берген сұхбатында сағат ауыстырудың өзектілігі азайғанын айтады.

«Сағат ауыстыру бізге энергия үнемдеуге көмектеспейді, өйткені бұл тәжірибе интернет болмаған, энергия тұтыну мөлшері мүлде басқа болған дәуірде ойлап табылды», - дейді ол.

Маусымдық уақыт ауыстыруды тоқтату мақсатында Еуропалық комиссия 2018 жылдың қыркүйегінде арнайы директива ұсынған. Бұл құжат Еуропарламентте кең саяси қолдауға ие болып, 410 депутат қолдаса, 192-сі қарсы дауыс берді. Ал 51 депутат қалыс қалды.

Алайда бұл ұсыныс әлі күнге дейін жүзеге аспады. ЕО-ға мүше мемлекеттер ортақ шешімге келе алмай отыр. Одақ ережелері бойынша әр елдің бұл мәселені өз бетінше шешуіне рұқсат берілмейді. Себебі уақытты өзгерту процесі бірыңғай нарықтың қалыпты жұмысын қамтамасыз ету мақсатында бір мезгілде жүзеге асырылуы тиіс.

Литва президенті кеңесшісі Ирена Сегаловичиеньенің айтуынша, Вильнюс 2027 жылы Еуроодақ Кеңесіне төрағалық еткен кезде маусымдық уақыт ауыстыру мәселесін қайта көтеруі мүмкін.

Еуропалық комиссия өкілі бұл мәселені үйлестірілген түрде шешуге мүмкіндік бар екенін алға тартты. Сондай-ақ, ол мүше мемлекеттерді пікірталастарды қайта бастауға шақыра отырып, шешімді әр елдің өзара келісіммен қабылдағаны дұрыс болатынын атап өтті.

ТӘЖІРИБЕ ЖӘНЕ ҰСЫНЫС

Маусымдық уақыт ауыстырудан бас тарту тұрақты негізде қысқы немесе жазғы уақытты таңдауқажеттігін туындатады. Бұл тек техникалық мәселе емес, сонымен қатар саяси шешімдерге байланысты мәселе.

Тарихта уақыт белдеулерін белгілеу саяси ықпалға кіріптар кездер өткен. Мәселен, Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Германия басып алған Франция мен Бенилюкс елдеріне өз уақыт белдеуін енгізген. Ал Испания диктаторы Франсиско Франко елді Адольф Гитлер басқарған Германиямен бір уақытқа ауыстыру туралы шешім қабылдаған.

Жақында Украинаның парламенті жазғы уақытқа көшуді тоқтату туралы заңды мақұлдады. Бұл шешім елдің жарты жыл бойы Мәскеу уақытымен (UTC+3) сәйкес келмеуі үшін қабылданды. Ресей бұл уақыт белдеуін оккупацияланған украин жерлеріне мәжбүрлі түрде енгізген болатын.

Қолданыстағы уақыт белдеулері әрдайым табиғи күн уақытымен сәйкес келе бермейді.

«Біз өзіміздің табиғи уақыт белдеуімізге барынша жақын болуымыз керек. Қарапайым тілмен айтқанда, менің сағатым 12-ні көрсеткенде, күн аспанда ең биік нүктеде тұруы тиіс», – деп түсіндіреді Time Use Initiative ұйымының бас директорының орынбасары Ариадна Гуэль Санс.

Алайда бұл қағида Батыс Еуропа елдеріне сәйкес келе бермейді. Бұл аймақтарда уақыт күннің табиғи қозғалысынан озып кеткен. Әсіресе, жаз мезгілінде күннің шығуы мен бату уақыты кешігеді, бұл Испания сияқты елдердегі тәуліктің алмасутәртібіне әсер етеді.

Осыған байланысты Time Use Initiative ұйымы уақыт белдеулерін түбегейлі өзгертіп, меридиандарға негізделген төрт жаңа уақыт белдеуін енгізуді ұсынуда.

Ұсынылған жүйеге сәйкес, Ұлыбритания, Франция, Испания және Бенилюкс елдері біртұтас Батыс Еуропа уақыт белдеуінде болады, ол қазіргі Гринвич орташа уақытына (GMT) сәйкес келеді.

Ирландия мен Португалия уақыт белдеуі бойынша Исландиямен біріктіріліп, Азор аралдарының уақытына көшеді, бұл Гринвичтен бір сағатқа артта қалады. Ал Орталық Еуропа елдері мен Греция Гринвичтен бір сағат алда, ал Шығыс Еуропа, соның ішінде Балтық елдері, екі сағат алда жүреді.

Алайда мұндай жаңа конфигурация белгілі бір қиындықтар туындатады. Мысалы, Ирландия мен Солтүстік Ирландия әртүрлі уақыт белдеулерінде қалып, бұл жаңа саяси мәселелерге алып келуі ықтимал.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Это спасет потенцию даже в 70 лет! Продается в каждой аптеке...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы давление всегда было 120\80, прекратите добавлять в еду...
Пікірлер