Президенттің сұхбаты. Саяси мәдениет пен қоғаммен диалогтың жаңа кезеңі

674
Adyrna.kz Telegram
Akorda.kz
Akorda.kz

Қазақстан саяси аренасында әр қадам, әр сөз үлкен маңызға ие. Президенттің сұхбаты — тек ақпарат беру емес, сонымен қатар саяси мәдениетті қалыптастыратын маңызды құрал. Бұл сұхбат неліктен назар аударуға лайық? Себебі, ол елдегі ең өзекті сұрақтарға жауап береді, қоғамдағы түсінбеушіліктер мен алып-қашпа әңгімелердің алдын алады.

Мамандардың айтуынша, саяси трансформация кезеңінде мұндай ашықтық ерекше қажет. Сұхбат форматы туралы айтылған сыни пікірлер де орынды болуы мүмкін, бірақ мұндай диалог халық пен биліктің арасындағы көпірді нығайтады. Мемлекет басшысының осы сұхбатта көтерген тақырыптары елдің даму бағытын айқындауға, саяси шешімдердің логикасын түсінуге мүмкіндік береді.

Осындай үндеу Қазақстан қоғамы 2024 жылы атқарылған істерге талдау жасап, болашаққа бағдар жасайды. Оның ішінде мемлекеттік басқару формасы, сайлау процестері, заң үстемдігі және елдің саяси тұрақтылығы секілді маңызды мәселелер қозғалды. Осыған байланысты сарапшылардың пікірлері де назардан тыс қалмайды. Саясаттанушы Пердехан Шәмшиевтың пікірінше, Президент сұхбатында қоғамда қордаланған сұрақтарға жауап берді.

«Сұхбатта не айтылғаны туралы айтпастан бұрын, осы бір саяси коммуникация форматына тоқталайын. Президенттің сұхбаты шыққаннан кейін оның форматына қатысты сыни пікірлер айтылды. Қатардағы азамат, тұтас қоғам әрине саясаткерлерге жоғары талап қояды. Бұл табиғи әлеуметтік құбылыс. Алайда дәл осы форматтағы сұхбаттан да халық өзіне керек ақпаратты ала алады. Қазіргі саяси трансформация кезеңінде осындай формат керек те шығар»,- дейді маман.

Сұхбаттың мазмұнына тоқтала отырып, саясаттанушы мемлекет президентінің қоғамда қордаланған сұрақтарға жауап берілгені маңызды екенін айтады. 

« 2024 жылы билік, Үкімет не атқарғаны айтылады. Бұдан басқа бір жыл бойы қоғамда қордаланған сұрақтарға жауап берілген. Сұрақтар әралуан. Егер оларға дер кезінде жауап берілмесе, түрлі алып-қашпа әңгіме көбейеді. Сол үшін де сұхбат маңызды. Әсіресе саясаттанушы ретінде мені мемлекетті басқару формасына қатысты, сайлау процесіне байланысты сұрақтар толғандырады. Бірінші мәселеген келгенде президент президенттік басқарудың тиімді екенін меңзеген. Мұндай көзқарасты мен де қолдаймын. 

Саяси тарихымызды зерттесек бұған көзіміз жетеді. Бірақ бұл шексіз билікке ұмтылып, суперпрезиденттік басқаруға қайта келеміз дегені емес. Заңның үстемдігі орнамаған елде қай билік тармағына билік берсең де, шексіз билікке ұмтылады. Сондықтан парламенттік республика идеясын дәріптейтіндердің көзқарастарымен келісе алмаймын. Қасым-Жомарт Тоқаев президент болғалы бері «Күшті Президент-ықпалды Парламент-есеп беретін Үкімет» қағидасын жүзеге асырып келеді. Біз осы бағытта жұмыс істеуіміз қажет. Алайда мұнымен тоқтамай, алдағы уақытта «әділ Сот» қағидасын қосуға болады.

Алдағы сайлаулар туралы сыбысқа да сұхбатта жауап берілді. Мұндай сұрақтарға жауап беру өте маңызды. Себебі дер кезінде жауап берілмесе қоғамда түрлі пікірлер пайда болып, тіпті мемлекеттік аппараттың жұмысына кедергі болуы мүмкін. 2019-2022 жылдары елімізде осындай «белгісіздік кезеңі» болды. Кезектен тыс парламент, президент сайлаулары болады деген талқылаулар белгісіздік сезімін оятады. Сондықтан президенттің бұл сұрақтарға жауап беруі орынды. Былтырғы сұхбатында да осыған ұқсас сұраққа жауап берген»,- дейді Пердехан Шәмшиев.

 Гүлмира Сыздыққызы



Пікірлер