"АҚШ-қа ақпарат тасыған тыңшы". Ресей америкалық журналисті қамауға алды

4603
Adyrna.kz Telegram

30 наурыз күні Ресейдің Федералды қауіпсіздік қызметі (ФСБ) америкалық журналист  Эван Гершковичті Екатеринбург қаласында жүрген жерінен ұстады. The Wall Street Journal (WSJ) тілшісі тыңшы ретінде танылып, үстінен іс қозғалды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Сот 30 наурызда Wall Street Journal журналисі Эван Гершковичті тыңшылық жасады деген айыппен қамауға алды. "Дождь" телеарнасының хабарлауынша, америкалық журналистерге қатысты мұндай оқиға 1986 жылдан кейін, араға ұзақ уақыт салып тағы қайталанып отыр.

Гершкович  ресейліктердің "ПМК Вагнерге" қатысы туралы материал дайындау үшін Екатеринбургке барған жерінде ұсталды.

"Кешкі ведомости"-дің мәліметінше, журналисті қала орталығындағы мейрамхана жанында құрықталған. Қарапайым киінген қауіпсіздік қызметкерлері ер адамды бастырмалап, көлікке қарай сүйреп, ұр да соқ әрекеттермен жұлқылай жөнелген.

Ресейдің барлау қызметі журналистің "АҚШ тапсырмасы бойынша" ақпарат жинаумен айналысқанын мәлімдеді.

Орайы келгенде айта кетейік, тыңшы ретінде айып арқалаған Эван Гершкович Мәскеуде 2017 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Ол ұдайы түрде Ресей мен Украинадағы ақиқаты күңгірт оқиғалар жайында қалам тербеп, саяси тақырыптарың теріскей тұсын ашық жазады.

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер