"Аш жүрген Сирия бұлай таласпайды": Тегін тамақ үшін төбелескен жұрт желіні шулатты (ВИДЕО)

10778
Adyrna.kz Telegram

Әлеуметтік желіде тегін палауға таласқан жұрттың видеосы кең тарап, қызу талқыға түсті. Бұл туралы "Адырна" ұлттық порталы жазады. 

Наурыз мейрамына орай республика қалаларында киіз үйлер тігіліп, мол дастархан жайылды.

Алайда тегін таратылған тамақтың арты дау-жанжалға ұласып, тіпті ұрыс-төбелеске әкелді. Киіз үйге кіруге асыққан халық айғай-шу шығарып, бір-бірін таптап өтуге дейін барды.

Желі қолданушылары қазақстандықтардың ерсі қылығын қатаң сынға алып жатыр.

«Ұят-ай, өздерін көріп ұялмай ма екен? Не көрінді сонша? Мына түрімізбен даму қайда бізге! Міне, осындайлардан шығады жымғыртатын жемқорлар, түк көрмеген тегінге құмарлар», «Тегін тектілігіңді бұзады дейдін еді Әжем», "Елінде соғыс болып, аш жүрген Сирия халқы да бұлай таласпайды ғой", "Қазағым қара қазанның қадірін ұмытқандай ғой", "Адамдардың ниеті жаман болып бара жатыр. Шүкіршілік жоқ, тәубеге келіңдер", "Не жабайылық, ар-намыс қайда? Қасиеттен жұрдай болып бара жатырмыз", "Құлдық санадан қашан арыламыз қазағым?", -  деп жазды олар.

"Адырна" ұлттық порталы 

 

 

Пікірлер