Журналист: "Депутаттар уәдесін орындамайтын болса, орнына басқа депутат сайлауға құқымыз бар"

2721
Adyrna.kz Telegram
Қоғам белсендісі, журналист, бірқатар жобалардың авторы Риза Исаева жаңадан сайланған ҚР Мәжілісінің депутаттары мен халыққа қарата үндеу жасады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 
Риза Исаева өз жазбасында депутаттардың халыққа берген уәдесін орындамайтын болса, сайлаушылардың мандатты кері қайтарып алуға құқы бар екенін жеткізді.
- Қымбатты депутаттар, Мәжіліске енді сайланғандарды айтам!
Сіздер, әлгі сайлауалды бағдарламаларыңызды бір ашып, оқып қойыңыздар.  Өйткені бағдарламадағы уәделер орындалмайтын болса, сайлаушылардың мандатты кері шақырып алу құқы бар!
Автор сонымен қатар, сайлаушыларға да түсінік бере кетеді:
- Қымбатты сайлаушылар, депутатқа көңіліңіз толмаса, тіпті оның әділ сайланғанына күмәніңіз болса, онда сол депутаттың жұмысын жіті бақылаңыз. Өйткені, депутат ретінде жұмысы көңіліңізден шықпаса, оның мандатын кері шақырып, басқа депутатты қайта сайлауды талап ету құқыңыз бар! Мұны неге айтып отырмын. Осындай әрекеттер арқылы саяси жүйені өз қолымызбен түзеуге мүмкіндік бар!
Update: Қымбатты диван сарапшылар. Сарапшылықты нақ көрсететін кез енді келді. Әр депутаттың сайлауалды бағдарламасын талдап, сараптар, мына жұртқа артық-кемін айтып отыруға, сөйтіп ұпай жинауға болады. Ол да үлкен тәжірибе.
Ұлыс оң болсын!  Наурыздан наурызға аман-есен жете берейік, - деп жазды журналист.
"Адырна" ұлттық порталы 
Пікірлер