"Су астында қалған 17 үй бар" - Ақтөбе аймағындағы ауылдар әлі су тасқыны зардабын көріп отыр

3640
Adyrna.kz Telegram

Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, Байтақ және Жарық ауылдары су тасқыны салдарынан жарықсыз отыр. Ауылда әлі электр шамы жанған жоқ. Сондай-ақ су астында қалған бірқатар үйлер бар, деп хабарлайды  "Адырна" ұлттық порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме көрсете отырып.

Ақтөбе облысы Қобда ауданында төтенше жағдай жарияланып, қазіргі кезде шығындар есептіліп жатыр.

Жағдаймен танысып, тұрғындармен кездескен ҚР ТЖМ Юрий Ильин жан-жақты көмек көрсетілетініне уәде берді.

Соңғы мәліметтерге сүйенсек, әлі де 17 үй су астында.

«Барлығы 3 үй құлады. Әлі күнге дейін 17-і су астында тұр. Тағы 4 үй ішінара құлаған. Жалпы 79 үйге, 22 үйдің аулаға су кірді. Су кетпей, су сорын аяқтамай нақты ақпарат айту қиын. Бұл үйлерде 316 адам тұрады. Оның 107-і балалар. Мектеп жасындағы 64 бала «Күншуақ» лагерінде демалады», - деді Қобда ауданы әкімінің орынбасары Арман Қабылов.

Қобда ауылындағы Бай тақ және Жарық ауылдарында жарық жоқ. Байтақ ауылында 23, ал Жарық ауылында 82 үй бар.

«Біз қолдан келгенше жұмысты жеделдетуге күш саламыз. Бірақ су ағысы қатты. Қазір жел де күшейіп тұр. Жарық ауылына жарық беру үшін арнайы бригада күндіз-түні жұмыс істеп жатыр. Бұл жұмыс ертең де жалғасады. Байтақ ауылына жол жоқ. Құлағын бағаналарды қайта тұрғызуға техника бара алмаған соң дизельді генератор тауып қойдық. Жарықта жарық 19-наурыз күні сағат 08:30-да сөнді. Ал Байтақта электр тогы 13-наурыз күні үзілді»,- деді Қобда электрмен жабдықтау басшысы Жұмамұрат Жұбатқан.

Еске салсақ, Қобда ауылына 24 үй салынады. Су тасқыны зардап шеккен 75 отбасына 500 мың теңгеден берілген.

"Адырна" ұлттық порталы 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы давление всегда было 120\80, прекратите добавлять в еду...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Природный чистильщик сосудов! Уже утром давление будет 120/80!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Это спасет потенцию даже в 70 лет! Продается в каждой аптеке...
Пікірлер